Жұма, 21 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпFIFA Қазақстан футболына 250 мың доллар грант бөлді

FIFA Қазақстан футболына 250 мың доллар грант бөлді

FIFA Қазақстандағы футболды дамытуға 250 мың доллар көлемінде грант бөлді. Қазақстан футбол федерациясының FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясында берген өтінімі мақұлданған, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Осының нәтижесінде ел футболын дамытуға шамамен 115 миллион теңге бағытталады.

Қаржының негізгі бөлігі – 125 мың доллар жас дарындарды анықтап, іріктеуге арналған «Болашақ чемпиондар» жобасына жұмсалады. Сонымен қатар, 50 мың доллар жаттықтырушылар мен скауттарға арналған оқыту семинарларын өткізуге бөлінеді.

Бағдарламаның операциялық шығындарына тағы 50 мың доллар қарастырылса, 25 мың доллар балаларды қорғау стандарттарын енгізу мен қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталады.

Федерацияның мәліметінше, грант жас футболшыларды ерте кезеңнен анықтап, оларды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр