Жаңа жылдың алғашқы күндерінде бірінші сұрыпты ұннан жасалатын әлеуметтік маңызы бар нан Қазақстанда рекордтық қарқынмен қымбаттады, деп жазады QazNews.kz
Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында ел бойынша нанның орташа бағасы бірден 1,8%-ға өскен. Бұл 2022 жылдың наурыз айынан бергі апта сайынғы статистикадағы ең жоғары өсім.
Алайда бұл көрсеткіш бүкіл елде бірдей қымбаттау болғанын білдірмейді. 20 қала бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде 18 қалада баға өзгермеген. Семейде нан 0,4%-ға ғана қымбаттаған. Ал күрт өсім тек Түркістанда тіркелген.
Сарапшылардың айтуынша, 2025 жыл бойы Түркістанда нан бағасы тұрақты болып, тіпті төмендеген. Желтоқсан соңында ол бір жыл бұрынғы деңгейден 1%-ға арзан болған. Соның салдарынан «жинақталған» өсім жаңа жылдың басында бірден байқалған.
8 қаңтардағы дерек бойынша Түркістанда бір келі нанның орташа бағасы 252 теңгені құрады. Бұл республика бойынша орташа деңгейден 13%-ға жоғары, алайда Алматыдағы бағадан 18%-ға төмен. Алматы әлі де елдегі ең қымбат нан сатылатын қала болып отыр.
