Астанада Тотақановтар отбасына қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Олар балаларының еміне деп алаяқтық жолмен қаражат жинаған, деп жазады QazNews.kz
Сотта Толқын Тотақанова ұлының диагнозы ресми құжаттармен расталғанын, қаражат жинау толық ашық және ерікті негізде жүргізілгенін айтты.
“Мені Перизат Қайратпен салыстырады, бірақ мен ешқашан сән-салтанатта өмір сүрген емеспін. Бізде банкке кепілге қойылған бір ғана екі бөлмелі пәтер бар. Басқа элиталық пәтерлер мен көліктер жоқ”, — деді Тотақанова.
Сонымен қатар айыпталушы кейінгі бірнеше жылда кейбір несие берушілер тарапынан қысым көрсетілгенін, оған 700 миллион теңгеден астам қаржы алынғанын жеткізді.
Прокурор отбасы мүшелерін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Толқынға кішкентай баласы болғандықтан, сот үкімін орындауды екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды.
Тергеу деректері бойынша, 2020–2024 жылдары олар Instagram арқылы бір миллиард теңгеден астам қаражат жинап, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған деген күдікке ілікті. Оларға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
