Ақтөбе облысының Темір ауданында жас мұғалімнің денесі табылды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады QazNews.kz
Қайғылы жағдай Темір ауданына қарасты Еңбекші ауылында болған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты соталды тергеу басталған.
«Темір аудандық полиция бөлімі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», — деді Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілі.
Ал Ақтөбе облысының Білім басқармасы мәліметінше, марқұм былтыр ғана Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшаға ауысқан. Ол тарих пәнінің мұғалімі болған.
Мұғалімнің денесі өзі тұрып жатқан үйінен табылған.