Сәрсенбі, 4 февраля, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында өгей нағашы атасынан жүкті болған қыздың ісіне сот үкімі шықты

Ақтөбе облысында өгей нағашы атасынан жүкті болған қыздың ісіне сот үкімі шықты

Ақтөбе облысында сабақ үстінде босанған 14 жастағы қыздың ісі бойынша сот үкімі шықты,  деп жазады QazNews.kz «Жетінші арнаға» сілтеп.

Оқушы алпыстан асқан өгей нағашы атасынан жүкті болып қалған. Кейінірек полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынды. Балалардың құқығын қорғау комитеті де жағдайды бақылауға алды.

14 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін туыстары да, мектеп мұғалімдері де білмеген. Сот үкімімен күдікті 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін», — деді мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Алтынбек Сабыров.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр