Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАлматыда әр екінші жолаушы жолақысын төлемейді

Алматыда әр екінші жолаушы жолақысын төлемейді

Брифинг барысында Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев тұрғындардың қоғамдық көлікке қатысты наразылығынан хабардар екенін мәлімдеді,  деп жазады QazNews.kz

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Біріншіден, үш жаңа автобус паркін салып жатырмыз. Екіншіден, бұған дейін қалада қоғамдық көлікке арналған жеке жанармай құю бекеттері болмаған, барлық автобус бір ғана станцияда жанармай құятын. Енді автопарктердің жанынан сондай бекеттер салынады. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады», — деді ол.

Сонымен қатар, Алмасхан Сматлаев жедел қозғалыс орталығы ашылғанын атап өтті. Онда 412 маман қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылап отыр.

«Қалада 3500 автобус және 3800 жүргізуші бар. Орталық мамандары күн сайын әр бағытты тексереді. Қазір әр бағыттағы жүктемені есептеп жатырмыз. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Біздің дерекке сәйкес жолаушылардың 49 пайызы жол ақысын төлемейді. Әрине, өз жұмысына салғырт қарайтын жүргізушілер де бар. Алайда біз жолаушыларды да жол ақысын төлеуге шақырамыз. Алдағы жарты жыл ішінде нақты есептеулер жүргізіліп, қай бағыттарға қосымша автобус қажет екені және қайсын жаңарту керек екені айқындалады», — деді әкім орынбасары.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр