Алматы облысында екі пойыз соғылды, деп жазады QazNews.kz
11 желтоқсанда сағат 01:50-де Отар-Алматы учаскесіндегі Қопа станциясында жүк пойызының машинисі электровозбен соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл бөлікте пойыз қозғалысы тоқтаған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын және себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» орталық аппаратының өкілдері тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады», — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында пойыз төрт жұмысшыны басып кеткені хабарланды.
10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызы қозғалып келе жатқан кезде машинист шұғыл тежеген. Осы кезде Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.
Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.
