Дүйсенбі, 2 февраля, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамӘнипа Назарбаеваға тиесілі компания ең ірі салық борышкерлері тізіміне енді

Әнипа Назарбаеваға тиесілі компания ең ірі салық борышкерлері тізіміне енді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесілі компания елдегі ең ірі салық берешегі бар кәсіпорындар тізіміне енді. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, компанияның бюджет алдындағы қарызы 92 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Tengrinews.kz мәліметінде айтылған,  деп жазады QazNews.kz

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС-нің салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі — 92 307 598 000 теңге.

Комитет өкілдері компанияның өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз бергенін де нақтылады. Қазіргі таңда бұл іс сотта қаралып жатыр.

Әнипа Назарбаеваға қатысты компания елдегі ең ірі салық борышкерлерінің антирейтингінде үшінші орынға жайғасқан. Тізім мынадай:

  • Ai-To Progress ЖШС (Дәурен Молдағалиев) — 111,6 млрд теңге;

  • Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС (Velora Group LTD) — 95,1 млрд теңге;

  • GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС (Әли Қылышбаев, Әнипа Назарбаева) — 92,3 млрд теңге;

  • OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі (Анарбек Жауыров) — 85,6 млрд теңге;

  • GB Invest ЖШС (Файез Наджиб) — 47,2 млрд теңге.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр