Сенбі, 7 февраля, 2026
spot_img
Басты бетАйтарым барӘділбек Жақсыбековке қатысы бар Астандағы автотұрақтар мемлекетке өтті

Әділбек Жақсыбековке қатысы бар Астандағы автотұрақтар мемлекетке өтті

фото. инбизнес

 

Бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековке қатысы бар «Астана қаласының автотұрақ кеңістігі» компаниясымен келісім-шарт бұзылды. Астана қаласы әкімдігі тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды QazNews.kz

Әкімдік бұл келісім-шартты бұзған соң, енді автотұрақ қызметін мемлекеттік кәсіпорын басқаратын болды. Келісім-шартты тоқтату туралы құжатқа қол қойылды. Қолданыстағы мүлікті беру рәсімдері жүргізіліп жатыр.  Барлық даулар сот арқылы шешіледі. Осыған байланысты автотұрақ қызметін толықтай мемлекет бақылайтын болады.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев басқаратын ақылы автотұрақ мемлекетке қайтарылған-ды. Ол кезде Алматыда да осындай шешім қабылданған болатын.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр