Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарTelegram арқылы есірткі таратқан студент 15 жылға сотталды

Telegram арқылы есірткі таратқан студент 15 жылға сотталды

Қарағанды қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымы мен контрабандаcына қатысты іс бойынша үкім шығарылды,  деп жазады QazNews.kz

Тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.

Колледж студенттерінің бірі есірткі тарату арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы біліп, «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз куратормен «жасырма-курьер» және «қойма» функцияларын атқару жөнінде келісім жасаған.

Оның міндеттеріне берілген координаттар бойынша есірткі заттарын алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында жасырын орындарға орналастыру кірген.

Күніне ол шамамен 30 бума жасырған.

Сонымен қатар, сотталушы Таиландтан Қазақстанға есірткі заттарын халықаралық пошта жөнелтім арқылы жеткізуді ұйымдастырған. Осы мақсатта ол «Telegram» мессенджері арқылы 400 мың теңге сыйақыға, кәмелетке толмаған дропперді тартып, жөнелтімді оның атына рәсімдеген.

Ол тауарды алу кезінде ұсталып, одан 909 грамм каннабис экстракты тәркіленді.

Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен қосымша 80 грамм есірткі заты табылып, алынды.

Сондай-ақ ұялы телефонды тексеру кезінде оның бір күн бұрын бірнеше жасырма орналастырғаны анықталды. Берілген координаттар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленді.

Сот үкімімен кінәлі 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments