Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeСпортДопингке қатысты тексеріс: Жәнібек Әлімханұлы әзірге рингке шықпайды

Допингке қатысты тексеріс: Жәнібек Әлімханұлы әзірге рингке шықпайды

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының жарыстарға қатысуына уақытша шектеу қойылғанын мәлімдеді,  деп жазады QazNews.kz

Оның айтуынша, спортшыға қатысты допингке байланысты іс қаралып жатқан кезеңде ол ресми жекпе-жектерге шыға алмайды.

Ерденбековтің сөзінше, қайта тексеру нәтижелері бойынша жиналған барлық құжаттар тиісті халықаралық ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және өзге де құрылымдарға жолданады. Дәл осы ұйымдар боксшыны чемпиондық белбеулерінен айыру немесе сақтап қалу жөнінде түпкілікті шешім қабылдайды.

«Қазір тыңдаулар жүріп жатыр. Олар толық аяқталғанға дейін Жәнібекке жекпе-жек өткізуге рұқсат берілмейді», – деді федерация басшысы.

Еске салайық, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесудің болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған қазақстандық боксшының анализінен мельдоний атты тыйым салынған препарат табылғаны себеп болды.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments