Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі ықтимал, деп жазады QazNews.kz
Қазақстан мен Еуропа одағы арасында виза рәсімдерін оңайлату және реадмиссия мәселелері бойынша келіссөздердің екінші кезеңі Астанада өтпек.
Сыртқы істер министрлігі виза рәсімдеу барысында талап етілетін құжаттар тізімін қысқартуды ұсынып отыр. Келіссөздердің алғашқы кезеңі бұған дейін Брюссель қаласында өткен болатын.
Айта кетейік, қазір Қазақстан 39 мемлекетпен визасыз режим орнатқан. Сонымен қатар, 87 елдің азаматтары елімізге визасыз кіре алады, ал 107 елдің азаматтарына Қазақстанға электрон виза арқылы келуге мүмкіндік бар.
