Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

    15 января, 2026

    Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    15 января, 2026

    Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

    14 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Четверг, 15 января
    • Басты
    • Саясат

      Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

      13 января, 2026

      Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

      13 января, 2026

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

      15 января, 2026

      Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

      14 января, 2026

      Қазақстанда автолизинг бағдарламасы күткендегідей нәтиже бермеді – сарапшылар пікірі

      13 января, 2026

      Елде нан бағасы күрт көтерілді

      12 января, 2026

      18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ: ата-ана білуі тиіс жайттар

      9 января, 2026
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай
    Жаңалықтар

    «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

    15 января, 20269 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында аудандық және облыстық баспасөз мұрағатын сақтаудағы өзекті мәселелер туралы жария етті,  деп жазады QazNews.kz

    Деректер бойынша Қазақстандағы 200-ден астам аудандық және қалалық газеттің көбі жүз жылдан астам уақыт бойы шығып келеді. Бұл басылымдар еліміз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму барысын жазды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми шешімдерін жариялады және елді мекендердің күнделікті өмірін көрсетті. Дегенмен, соңғы жылдары аудандық баспасөз мұрағаттары жүйелі проблемаларға тап болуда. Редакциялар жабылған немесе қайта құрылған кезде мұрағаттар жоғалуда немесе мүлдем жойылады. Еліміздегі 1930-2000 жылдарда шыққан аудандық газеттердің бірыңғай цифрлық тізілімі мен толыққанды электрондық қоры да жоқ.

    Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, құқықтық қауіптер ерекше алаңдаушылық туғызады, өйткені 1990-2000 жылдары көптеген ресми шешімдер тек аудандық газеттерде жарияланды және мұрағаттардың жоғалуы азаматтардың құқықтарын қорғауға және сот практикасына әсер етуі мүмкін.

    «Тарихи-мәдени мұраның жойылу қаупі тұр. Аудандық газеттер – тәуелсіздік жылдарының шынайы шежіресі, өңір тарихының баға жетпес дереккөзі болып саналады. Архивтерді қабылдау, сақтау және цифрландыру тәртібі өңірлерде әркелкі. Бірыңғай ұлттық стандарт пен жауапты оператор айқындалмаған. Аудандық газеттер архивтері: ғылыми зерттеулерге; демографиялық және әлеуметтік талдауға; мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалауға; журналистер мен өлкетанушылардың жұмысына аса құнды дереккөз болып табылады. Бұл бағыт толықтай «Ұлттық мұра», «Цифрлық Қазақстан» бастамаларының мақсаттарымен үндеседі», — деді Бибігүл Жексенбай.

    Сенатор сонымен қатар халықаралық тәжірибе көрсеткендей, аймақтық және жергілікті газет мұрағаттарын сақтау және цифрландыру көптеген елдерде ұлттық басымдық болып табылатынын атап өтті. АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияда мұндай мұрағаттар жүйелі түрде Ұлттық қорларға беріледі және бірыңғай мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде цифрландырылады.

    «Барлық облыстар бойынша аудандық газеттер архивтеріне толық инвентаризация жүргізу, аудандық баспасөз архивтерін сақтау, цифрландыру және мемлекеттік архивтерге тапсырудың бірыңғай ұлттық стандартын әзірлеуді ұсынамыз. Біртұтас цифрлық аудандық баспасөз архивін құру мүмкіндігін қарастыру, архивтерді цифрландыруға, жабылған редакциялардың қорларын мемлекеттік архивтерге қабылдауға және бірыңғай іздеу жүйесі мен электрондық базаны құруға, қаржыландыру көздерін айқындау және қамтамасыз ету керек. Ликвидацияланған немесе қайта ұйымдастырылған газет редакцияларының барлық архив материалдарын облыстық мемлекеттік архивтерге міндетті түрде тапсыру тәртібін енгізу керек», — деді сенатор.

    Бибігүл Жексенбай газет депутаттық сауал мұрағат Сенатор
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    15 января, 2026

    Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

    14 января, 2026

    Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуыл: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

    14 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 279 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    15 января, 2026

    «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

    Сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында аудандық және облыстық баспасөз мұрағатын сақтаудағы өзекті мәселелер туралы…

    Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    15 января, 2026

    Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

    14 января, 2026

    Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуыл: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

    14 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.