Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қолайсыз ауа райына байланысты теңіз терминалында мұнайды қабылдау мен тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатты, деп жазады QazNews.kz
Консорциумның хабарлауынша, 29 желтоқсанда терминал аумағында жел соғып, қолайсыз метеожағдай қалыптасқан. Осыған байланысты мұнайды тиеу жұмыстары ауа райы тұрақталғанға дейін тоқтатылған. Сонымен қатар, мұнай қабылдау да уақытша доғарылған.
КҚК өкілдері жүк жөнелтушілерге бұл жағдай туралы алдын ала хабар берілгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы Ресей, АҚШ, Қазақстан және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінің ірі мұнай-газ компанияларын біріктіреді.
