Жұма, 20 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда дәрігерлерге еңбек өтілі үшін 50%-ға дейін үстемеақы төленеді

Қазақстанда дәрігерлерге еңбек өтілі үшін 50%-ға дейін үстемеақы төленеді

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының медицина қызметкерлері мен психологтарына қосымша ақы төлеу тәртібі өзгереді. Үкімет жаңа үстемеақылардың мөлшерін жариялады, деп жазады QazNews.kz.

Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төленеді. Оның мөлшері мынадай:

  • Екі жылдан астам үздіксіз еңбек өтілі болса – лауазымдық жалақының 20 пайызы;
  • Үш жылдан астам еңбек өтілі болса – 30 пайызы;
  • Бес жылдан астам еңбек өтілі болса – 50 пайызы.

Бұл үстемеақы учаскелік терапевтерге, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, медбикелерге, фельдшерлер мен акушерлерге қарастырылған.

Ал психологтарға базалық лауазымдық жалақысының 300 пайызы, әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы мөлшерінде қосымша ақы беріледі. Бұл төлемдер психоэмоциялық және физикалық жүктемені ескере отырып тағайындалады.

Үкіметтің мәліметінше, жаңа үстемеақылар медицина мамандарын жұмыста ұстап қалуға, кадр тапшылығын азайтуға және медицина қызметкерлерінің жүктемесін төмендетуге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр