Бейсенбі, 19 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда 510 млн теңгеден астам темекі мен вейп контрабандасының жолы кесілді

Қазақстанда 510 млн теңгеден астам темекі мен вейп контрабандасының жолы кесілді

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы қарашада темекі өнімдері мен вейптерді мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу деректерін анықтады, деп жазады QazNews.kz.

Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтудің жолы кесілді. Ал Жамбыл облысындағы шекара учаскесінен 13 960 дана вейп анықталды.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген өнімдердің жалпы құны 510 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр