Бейсенбі, 19 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпБас мүфти заманауи тойлардың даңғазалығын сынға алды

Бас мүфти заманауи тойлардың даңғазалығын сынға алды

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада той жүргізушілерімен кездесіп, ұлттық той дәстүрінің мәні мен тәрбиелік маңызы туралы айтты, деп жазады QazNews.kz.

Ол бұрынғы қазақ тойларының басты мақсаты қымбат әншілерді шақырып, сән-салтанат құру емес, ағайын-туыстың басын қосу, үлкендердің батасын алу және жастарға өнеге көрсету болғанын еске салды.

«Ата-бабаларымыз той өткізгенде ең алдымен ағайынның басын біріктіруге, бата алуға, үлкендердің ақ тілегін тыңдауға және жастарды тәрбиелеуге мән берген. Тойдың сәні қымбат әншілерде немесе шамадан тыс безендіруде емес, халықтың бірлігінде және ақ дастарқанның молдығында болған», – деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы тойға жастардың да қатысатынын атап өтті. Сондықтан мерекелік шаралардың бағдарламасы тек көңіл көтеруге арналмай, тәрбиелік мәнге де ие болуы керегін айтты.

Осыған байланысты ол той ұйымдастырушылары мен жүргізушілерін бағдарламаның мазмұнына көбірек көңіл бөлуге шақырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр