Сәрсенбі, 21 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАқтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер учаскелерін заңсыз беру және заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалмау фактілерін анықтады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Жер учаскелерінің белгіленген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде міндетті конкурстық рәсімдер өткізілмей берілгені анықталды.

Сонымен қатар, жалдау шарттары жарамсыз деп танылғаннан кейін жерлерді мемлекетке қайтару бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы ауданы 94 гектардан асатын, құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр