17 қазанда Францияның бірнеше қаласында мыңдаған адам биліктің ішкі саясатына қарсы наразылық акциясына шықты. Франция билігінің мәліметінше, шеруге шамамен 550 мың адам қатысқан. Ал тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар деген күдікпен 1200 адам ұсталған, деп хабарлайды qaznews.kz.
Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, Парижде шамамен 110 мың адам жиналған. Алайда шеруді ұйымдастырушылардың бірі – Жалпы еңбек конфедерациясы (CGT) акцияға қатысқандар санын 800 мың деп бағалады.
Наразылық акциялары Парижден бөлек Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль қалаларында өтті. Кейбір қалаларда шерулер тонау, өрт қою және мүлікті бүлдіру әрекеттеріне ұласқан.
Францияда халықтың наразылығы күшейіп келеді
Соңғы апталарда Францияда өмір сүру құнының өсуіне байланысты наразылық көңіл күйі күшейген. Шеруге шыққандар президент Эммануэль Макронның отставкаға кетуін талап етті.
Париж көшелерінде наразылық білдірушілер Франция королі XVI Людовиктің тағдырын еске салып, қазіргі мемлекет басшысына да осындай жағдай төнуі мүмкін екенін меңзейтін ұрандар айтқан.
«Макрон, Макрон, біз мұны қайталаймыз!» деп айғайлаған шерушілер Франция президентіне қарсылықтарын білдірді.
Наразылыққа мектеп оқушылары, студенттер және «сары жилеттер» қозғалысының өкілдері де қатысқан.


