Дүйсенбі, 19 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпeGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын анықтайтын калькулятор пайда болды

eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын анықтайтын калькулятор пайда болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған калькулятор қолжетімді болды. Оның көмегімен азаматтар бағалау өлшемдерімен танысып, өз отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын алдын ала анықтай алады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Бағалау кезінде отбасының табысы мен мүлкімен қатар, отбасы мүшелерінің саны, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар азаматтардың болуы да ескеріледі. Жалпы, есептеу алты бағытты қамтитын 59-дан астам көрсеткішке негізделген.

Калькуляторда есептеу пайдаланушының өзі енгізген деректер бойынша жүргізіледі. Нәтиже тек ақпараттық мақсатта ұсынылады және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға немесе тоқтатуға негіз бола алмайды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр