Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға арттыру ұсынылды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті өзгерістерді әзірледі. Ұсыныс Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін, қазірдің өзінде тағайындалған төлемдерге қатысты.
Мысалы, қазір ай сайын 60 мың теңге алатын азаматтың төлемі 8,5%-ға артқан жағдайда 65 100 теңгеге дейін өседі.
Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.
Еске салайық, 2026 жылғы қаңтардан бастап бұл төлемдер 10%-ға артқан болатын.


