Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік рэпер Navai ұсталғаннан кейін Ресей тарапынан ресми нота алғанын растады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Ресей тарапы өз азаматтарының қайда екені және құқықтық мәртебесі туралы ақпарат сұратқан. Қазақстанның СІМ бұл әрекетті қалыпты консулдық тәжірибе деп атады.
Ведомство тиісті сұрау салуды құқық қорғау органдарына жолдайтынын хабарлады.
Еске салайық, рэпер Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасы және оны сақтады деген күдікпен ұсталған. Сот оның екі айға қамауға алынуына санкция берген.


