Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван мен Баку арасындағы аумақтық мәселелерді шешу жөніндегі ұстанымын жариялады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасында аумақ алмасу бастамасын көтерді.
Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада Армения үкіметінің басшысы Әзербайжанмен қарым-қатынасты одан әрі реттеу жөніндегі көзқарасын баяндаған.
Пашинянның айтуынша, Арменияның аумағы 29 743 шаршы шақырым болуы керек. Сондай-ақ ол шекараны делимитациялау және демаркациялау жұмыстары Алматы декларациясы негізінде жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.
Армения премьер-министрі екі ел де бір-біріне аумақтық талап қоймауы керектігін мәлімдеді.


