Сәрсенбі, 14 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда мәслихат сайлауы өтеді

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді

Қазақстан бойынша 228 мәслихатқа барлығы 3 447 депутат сайлау жоспарланған. Олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл. Депутаттар жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Мандаттардың 668-і – 20 облыстық мәслихатқа, 626-сы – 38 қалалық мәслихатқа, ал 2 153-і 170 аудандық мәслихатқа тиесілі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттарды ұсыну, соның ішінде өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қарашада сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау алдындағы үгіт 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де тоқтатылады.

28 қараша – тыныштық күні.

29 қараша – сайлау өтетін күн.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр