Сәрсенбі, 9 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған қонақүй 13 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған қонақүй 13 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды

Алматыда бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған Double Tree by Hilton қонақүй кешені сатылымға қойылды. Нысанның бастапқы бағасы – 12,7 миллиард теңге, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Электронды сауда-саттық порталында Алматыдағы Double Tree by Hilton қонақүй кешенін сату жөніндегі жаңа лот жарияланды. Нысанның сатушысы ретінде Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген.

Лот сипаттамасына сәйкес, қонақүй кешенінің жалпы аумағы 16 196,4 шаршы метрді құрайды. Нысан Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан.

Қонақүй 0,2581 гектар жер телімінде орналасқан. Құжатта жер учаскесі жекешелендірілетін мүліктің құрамына кірмейтіні және оның бағалау құнына енгізілмегені көрсетілген. Алайда заңнамаға сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға беріледі. Нысанға қатысты ешқандай тыйым салу немесе қамау шаралары жоқ. Дегенмен жер теліміне «Су желісі» ШЖҚ МКК пайдасына сервитут белгіленген.

Қонақүйдің бастапқы бағасы 12 759 410 000 теңге болып белгіленген. Аукцион бағаны көтеру тәсілімен өткізіледі. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады.

Сондай-ақ хабарландыруда сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан жағдайда да нысанды сатуға рұқсат етілетіні көрсетілген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр