Сәрсенбі, 2 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШҚО-да қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағандар анықталды

ШҚО-да қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағандар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағандар ұсталды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Полиция қызметкерлері Ұлан ауданындағы 52 жастағы ауыл тұрғынының үйін тексеру барысында кесілген аңшылық мылтықты, белгі беруге арналған револьверді және шамамен 50 дана оқ-дәріні тапқан.

Ер адамның айтуынша, бұл қарулар марқұм ағасынан қалған.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оған қол тигізбеуге және дереу 102 нөміріне хабарлауға кеңес береді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр