Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қаринның кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысы бұл лауазымның ел басқару жүйесіндегі маңызына тоқталып, Кариннің мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Вице-Президент мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқарады, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді, Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асырады.
Мемлекет басшысы Ерлан Қаринды елге танымал азамат әрі тәжірибелі мемлекеттік қайраткер ретінде сипаттады.
Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады. Ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді түрде атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын, даму жоспарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны қолдауды сұраймын, – деді Президент.
Депутаттар бірауыздан Ерлан Қаринның кандидатурасын қолдады.


