Дүйсенбі, 31 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпОқу-ағарту министрлігі: Мұғалімге гүл сыйлау міндет болмауы керек

Оқу-ағарту министрлігі: Мұғалімге гүл сыйлау міндет болмауы керек

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында ұстаздарға гүл сыйлау мәселесіне қатысты тағы да пікір білдірді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 1 қыркүйекте мұғалімге гүл тарту ету – жақсы дәстүрдің бірі. Дегенмен бұл үрдіс ата-аналар үшін міндетке айналмауы және өзара бәсекелестік туғызбауы тиіс.

Министрлік үшін гүл шоғының көлемі мен бағасынан гөрі оқушының ұстазына деген шынайы құрметі мен ықыласы маңызды. Сондықтан гүл сыйлау туралы шешімді әр отбасы өз қалауымен қабылдауы қажет.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдары ата-аналарды гүл немесе сыйлық сатып алуға үндемеуі керектігін еске салды. Мектеп әкімшілігі мен педагогтер ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырмауға және оған жол бермеуге тиіс.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жаңа оқу жылының алғашқы күні артық даңғазасыз, жылы атмосферада әрі тәрбиелік мәні жоғары жағдайда өтуі керек. Бұл күні балалардың бойына ұстазға құрмет, қарапайымдылық және адамгершілік құндылықтарын сіңіру маңызды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр