Жұма, 28 августа, 2026
spot_img
Басты бетӘлемНепалдағы апаттан кейін екі қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті

Непалдағы апаттан кейін екі қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті

Непал мен Қытай шекарасында болған табиғи апаттан кейін екі қазақстандық әйел із-түзсіз жоғалғандар қатарында тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта табиғи апат аймағында болған деген болжаммен екі Қазақстан азаматын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін екі Қазақстан азаматын іздеу жалғасуда. Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекараны кесіп өткен. ҚР СІМ жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыста отыр», – делінген министрлік ақпаратында.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 392 адамға жеткенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар 1400-ден астам адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында саналады.

Қазіргі уақытта құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр