Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.


