Жұма, 14 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда үй жануарларын қараусыз тастауға тыйым салынады

Қазақстанда үй жануарларын қараусыз тастауға тыйым салынады

Қазақстанда үй жануарларын жауапсыз тастап кетуге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Енді иелері өз қамқорлығындағы жануарды жай ғана көшеге шығарып жібере алмайды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, егер иесі қандай да бір себеппен жануарды асырай алмаса, оны басқа адамға, жануарлар панасына немесе уақытша ұстау орнына тапсыруы тиіс.

Сондай-ақ жануардың әрі қарайғы тағдыры нақты шешілгенге дейін оған қатысты жауапкершілік бұрынғы иесінің мойнында қала береді. Яғни үй жануары жаңа иесіне берілгенше немесе арнайы мекемеге орналастырылғанша, оның қауіпсіздігі мен күтімі үшін иесі жауапты болады.

Бұл өзгерістер жануарларға жауапкершілікпен қарауды күшейтуге және қараусыз қалған үй жануарларының санын азайтуға бағытталған.

Жаңа талаптар 2026 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр