Дүйсенбі, 6 Сәуір, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарҚостанайда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат ұсталды

Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат ұсталды

Қостанай қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілері құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды QazNews.kz

Оқиға кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Грачев Кирилл және патрульшілер қатардағы жауынгерлер Савин Михаил мен Сламбек Нұрмұхаммед көпқабатты тұрғын үйдің маңында күдік тудырған азаматты тоқтатқан.

Сыртқы тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан пневматикалық қару табылып, тәркіленді. Анықталғандай, ол бұған дейін осы қарумен әдейі аспанға оқ атып, қоғамдық тыныштықты бұзған.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында құқық бұзушының заңсыз іс-әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр