Сейсенбі, 3 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында ер адам бір отбасының мүшелерін мерт қылды

Ақмола облысында ер адам бір отбасының мүшелерін мерт қылды

 

фото: gov.kz

Желіде Ақмола облысында ер адам бір отбасыны өлтіріп кеткені туралы хабар тарады, деп хабарлайды Qaznews.kz

Оқиға Ақмола облысының Жібек Жолы ауылында болған, Алайда полиция мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасына байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті оқиға орнынан ұзап үлгермей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады. Ведомство өкілдері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр