Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарFlyArystan-ға жаңа басшы келді

FlyArystan-ға жаңа басшы келді

1 наурыздан бастап FlyArystan әуе компаниясында жаңа бас директор қызметіне Йохан Эйдхаген кіріседі. Ол бұған дейін Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясын басқарған,  деп жазады QazNews.kz

Ал қазіргі бас директор Ричард Леджер Air Astana тобы құрамында жаңа қызметке ауысып, серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент болып тағайындалмақ.

Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясы жылдар бойы сыннан көз ашпай келеді. Былтыр Монополияға қарсы орган «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. Талдау барысында авиабилеттердің құны брондаудың әртүрлі кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақылар есебінен өскені анықталды.

Ал жақында әлеуметтік желілерде тараған жемқорлық сипатындағы мәліметтерден кейін Бас көлік прокуратурасы Air Astana және оның құрылымы Fly Arystan әуекомпанияларының қызметіне тексеріс бастауды қолға алған болатын.

Прокуратураның мәліметінше, жарияланған материалдарда жеңілдетілген авиабилеттерді компания басшылығының нұсқауымен топ-менеджменттің туыстарына және өзге де «арнайы адамдарға» беру деректері айтылған. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитетіне екі әуекомпанияның қызметін тексеру туралы талап жолданған.

Жанжал Fly Arystan-ның бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулхановтың атынан жарияланған жазбалардан кейін өршіді. Онда «блат» жүйесі арқылы Air Astana басшылығының өкілдері мен олардың жақындарына ең төменгі тарифпен билеттер рәсімделгені айтылған. Атап айтқанда, авиакомпания президенті Питер Фостердің жұбайы Татьяна Фостерге, оның әпкесі мен анасына жеңілдетілген билеттер берілгені көрсетіледі.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр