ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады QazNews.kz
ҰҚК қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін бірқатар дереккөздер шенеуніктің ұсталғаны және өзге де тұлғаларға қатысты процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқаны жөнінде хабар таратқан еді.
Алайда ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.
Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Ол 2025 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады. Ал 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі болды.


