Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетБілім және ҒылымАлматыда ауқымды патриоттық флешмоб өтті

Алматыда ауқымды патриоттық флешмоб өтті

Алматыда жастардың бастамасымен Жаңа Конституцияны қолдауға арналған патриоттық флешмоб ұйымдастырылды,  деп жазады QazNews.kz

Іс-шара қаланың көрікті орындарының бірі – Көктөбеде өтті. Оған 500-ден астам жас қатысып, өз азаматтық ұстанымын айқын білдірді.

Флешмоб аясында биіктігі 7 метр болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, патриоттық әндер орындалды. Бұл ұлттық бірлік пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісіне айналды.

«Жаңа Конституция жай ғана құқықтық құжат емес, мемлекеттің дамуына бағыт беретін стратегиялық бағдар. Жастар реформалардың мәнін терең түсініп, белсенді азаматтық ұстаным танытуға тиіс», – деп атап өтті іс-шараға қатысушылардың бірі Ырысбек Ахатай.

Ал белсенді Қадырбек Файзуллаев: «Бүгінгі флешмоб жастардың бірлігі мен жауапкершілігінің көрінісі. Конституциялық өзгерістер әділетті қоғам құруға бағытталған нақты қадам. Біз ел болашағына бейжай қарамаймыз», – деді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында конституциялық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық белсенділікті арттыру және қоғамдағы бірлікті нығайту.

Жаңа Конституцияны қолдау арқылы жастар елдің заңды, әділетті әрі орнықты дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетті.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр