Жұма, 13 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтар1 кг мен 5 кг үшін бірдей ақы: FlyArystan-ға қатысты тергеу басталды

1 кг мен 5 кг үшін бірдей ақы: FlyArystan-ға қатысты тергеу басталды

FlyArystan әуе компаниясына қатысты артық салмақтағы қол жүгі үшін бірдей тариф қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің басшысы Нұржан Нұрланұлы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді,  деп жазады QazNews.kz

Оның айтуынша, агенттік әуе тасымалдаушы қол жүгінің нақты артық салмағына қарамастан, бірдей төлем алатынын анықтаған.

Яғни 1 келі артық салмақпен ұшқан жолаушы да, 5 келі артық салмақпен ұшқан жолаушы да бірдей ақы төлейді. Ал басқа әуе компанияларының тәжірибесі нақты артық салмаққа қарай сараланған тариф қолдануға болатынын көрсеткен.

Департамент мұндай тәжірибе кейбір тұтынушылардың құқығын шектеуі мүмкін деп санайды. FlyArystan компаниясына бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар екені жөнінде хабарлама жолданған. Алайда ол орындалмағандықтан, қазір әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Жауаптылардың сөзінше, тергеу нәтижесінде тиісті шешім қабылданады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр