Дүйсенбі, 6 Сәуір, 2026
spot_img
Басты бетКүндерек5451 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан Жайдарман командасы бас жүлдені жеңіп алды

5451 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан Жайдарман командасы бас жүлдені жеңіп алды

 

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында өткен аудан әкімінің кубогына арналған Жайдарман сайысында 5451 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан командасы жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлдені иеленді, Деп жазады QazNews.kz

Аталған көңілді әрі тартысты додаға барлығы 10 команда қатысып, өзара әзіл мен тапқырлықта сынға түсті. Қатысушылар сахнада түрлі қойылымдар ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсіресе, 5451 әскери бөлімінің командасы өздерінің ерекше әзілдерімен, сахналық мәдениетімен және шебер ойындарымен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның намысын қорғаған 5451 әскери бөлімінің Жайдарман командасы қарсыластарынан оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік – әскери қызметшілердің жан-жақты дамып, шығармашылық қабілеттерінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр