Дүйсенбі, 2 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарЖетісуда алаяқ басқа адамдардың атынан 40 млн теңгеден астам несие алып тастаған

Жетісуда алаяқ басқа адамдардың атынан 40 млн теңгеден астам несие алып тастаған

Жетісу облысында 40 млн теңгеден астам соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, деп жазады QazNews.kz

Жетісу облысында азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды.

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатты иемденуге пайдаланған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот  үкімі заңды күшіне енді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр