Дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарЖаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

Алматыдағы тау бөктерінде құрылыс жүргізуге толық тыйым салынады, деп жазады QazNews.kz 24kz-ке сілтеп.

Мәліметке сүйенсек, жаңа Құрылыс кодексіне осындай түзету енгізілген. Құжаттың нормалары келер жылдан бастап күшіне енеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Бұған дейін 2020 жылы Президент тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салу туралы тапсырма берген. Құрылыс кодексі аясында енді тау бөктерінде, сел қаупі, лай көшкіні қаупі туындайтын аймақтарда құрылыс жүргізуге, жер беруге де толығымен тыйым салынады. Яғни Жер кодексіне де тиісті өзгерістерді енгіздік», — деді депутат.

Жаңа Құрылыс кодексін Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенатқа жолдаған. Әзірлеу барысында жұмыс тобының 75 отырысы өтіп, депутаттар 2 мыңнан аса түзету енгізген. Кодекстің бастапқы нұсқасы 85%-ға жаңарған.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр