Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Түркі тарихы мен мәдениеті қоры «TÜRKTAV» Еуропада алғашқы халықаралық іс-шарасын жүзеге асырды

    23 мая, 2025

    Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр

    20 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Четверг, 5 июня
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025

      «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

      10 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » WhatsApp желісінде сатылатын етті алуға бола ма? Министрлік пікірі
    Жаңалықтар

    WhatsApp желісінде сатылатын етті алуға бола ма? Министрлік пікірі

    Қазақтың осы жеңсік асын сататын барлық сауда объектілеріне мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық ерекше бақылау енгізілмек.
    6 октября, 20243 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қоғам белсендісі, елорда тұрғыны Ерболат Сапарбай «голосовой» үндеу хабарлама жазып, мессенджерлер арқылы таратуға тырысып жүр. Өйткені оның айтуынша, қазіргі кезде малды, соғымды, етті WhatsApp арқылы сату «сәнге» айналды. Бұл туралы inbisness сайтына сілтеме жасаған QazNews.kz жазады.

    «Бізде басқа түгіл, жұмыста, ұжымның ортақ чатында да дембіл-дембіл: «Ет аласыздар ма?» деген хабарлама жарияланып тұрады. Былтыр тіпті іс басындағы депутаттың (аты-жөнін атады) жылқыларын соғымға сатып жатқаны туралы WhatsApp хабарландыруы бізге дейін жетті. Депутаттың өзі заң бұзып отырғанын түсінбейді. Мен: «WhatsApp арқылы сатылатын етті алмаңдар!» деп қарсы үндеу жариялап тұрамын. Өйткені ондай еттер ветеринарлық-санитарлық бақылаудан тыс, тексерістен өтпей сатылады. «Ветеринарлық сараптама анықтамасы бар ма?» деп сұрасам, жынды адам сияқты қарайды. Тыңдайтын құлақ жоқ. Жариялана сала жұрт үймелей жөнеледі. Бағасының төмендігіне қызығады», – деді Ерболат аға.

    Оның айтуынша, мысалы, бүгінде чаттарда сиыр етінің әр келісін орта есеппен 2 мың теңгеден, жылқы етін – 2,5-3 мың теңгеден сатады екен. Ал, дүкенде сиыр еті орта есеппен 2,5-3 мың теңге (кесек еті 3 700 теңгеге дейін барады), жылқы еті 4 мың теңгеден қымбат тұрады.

    Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары да қоғам белсендісінің айтқаны дұрыс деп отыр. «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, сату мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын сою – тек қана сою объектілерінде жүргізілуге және міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуге тиіс. Бұл талаптар сақталмаса, ол етті сатуға тыйым салынады.

    Базардан тыс сатылатын ет те тексерістен өтпеуі мүмкін. Демек, «Сібір жарасы» (күйдіргі), бруцеллез, паразитарлық аурулар сияқты адам үшін қауіпті дерттерді жұқтыру қатері туындайды.

    Комитет өкілдері басқа бір ірі проблемаға назар аудартты. Олар бүгінде соны шешу жолдарын қарастырып жатыр. Осы орайда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы әзірленген. Бұл заңды Парламент қабылдаса, онда базарларға жатпайтын өзге сауда нысандарына да мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекше тәртібі енгізіледі.

    «Қолданыстағы ветеринария заңнамасында сауда объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы ешқандай норма жоқ. Бұл ретте супермаркеттер, гипермаркеттер, дүкендер желісі жаппай «фермадан – дастарханға» қағидатымен жұмыс істеуге көшіп алды. Олардың арасында бұрынғыдай базар түріндегі «делдал» жоқ, өнімді бірден шаруа қожалығынан, фермерден сатып алады. Демек, мал өнімдерінің, еттің шаруашылықтан дастарханға дейін жетуін жолай бақылау жойылды», – деп түсіндірді комитет.

    АШМ бүгінде бүкіл республика бойынша мал сою нысандары мен ішкі сауда объектілерінде «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» (ВСС) модулінің тек пилоттық жобасын жүзеге асыруда. «ВСС» модулі ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен ауыл шаруашылығы жануарларының етіне сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру бойынша бизнес-процестерді тегіс автоматтандыруды қарастырады.

    Бір қызығы, жоба бойынша сараптамадан «сүрінбей» өткен мал етіне QR коды тағайындалады екен. Сонымен өту арқылы тұтынушы бірқатар деректерді біле алуы керек. Алайда әлгінде айтылғандай, әзірге бұл «пилоттық жоба» ғана. Қашан толыққанды өмірге жолдама алатыны және тұрақты тәжірибеге айналатыны белгісіз. Кез келген жоба тиімді жүзеге асуы үшін жеткілікті қаражат та керек.

    Ведомствоның мәліметінше, «ВСС» модулін енгізудің негізгі мақсаты – малды союалды ветеринариялық тексерусіз (предубойный ветеринарный осмотр) және оның ұша-тушасы мен органдары сойылғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптаусыз оның етін халыққа сатуға жол бермеу.

    Бұл ретте әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы өткізілетін, сондай-ақ «фермадан-сөреге» схемасымен жұмыс істейтін дүкендер арқылы сатылатын еттің ветеринарлық тазалығына, аурулардан адалығына еш кепіл жоқ көрінеді.

    Мамандардың ескертуінше, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың еш қадағаланбауы өз кезегінде, халықтың сапасыз өнімдерден ауру жұқтыру қаупіне соқтырады.

    «Айта кету керек, «Ветеринария туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, ветеринария саласындағы негізгі міндеттерге жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу ғана емес, сондай-ақ халықтың денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де жатады. Осыған байланысты, қалалар мен елді мекендерде жануарлар өнімдерінің сойылғаннан бастап, мал шаруашылығы өнімдерін саудалаумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне, түпкілікті сатушыға өткізілгенге дейін қадағалануын бақылауды енгізу ұсынылады», – деп хабарлады Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.

    Жаңа заң жобасы кем дегенде 9 402 сауда объектілеріне қатысты болады. Бұл қатарға қазіргі уақытта тіркелген сауда орындары, қасапханалар, дүкендер, мамандандырылған дүкендер, дүңгіршектер кіреді. Оның ішінде 122-сі – ірі кәсіпкерлік субъектілері, 767-сі – орта кәсіпкерлік, 8 513-і – шағын кәсіпкерлік нысандары болып табылады.

    АШМ комитетінің аумақтық бөлімшелері мен құқық қорғау органдарының өзара бекіткен меморандумдары аясында жыл сайын «Мал ұрысы-Скотокрад» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізіп тұрады. Соның аясында тек елордада ғана және 2024 жылдың басынан бері ет саудасына қатысты біраз масқара жайт әшкереленген. Рейдтер барысында мал етін ветеринариялық ілеспе құжатсыз сатуға апара жатқан 31 жүк көлігі анықталып, 31 әкімшілік іс қозғалды.

    Ведомство мамандарының айтуынша, Қазақстанда бүгінгі күні ет өнімдерін күнделікті бақылау тек базарларда ғана жүргізіледі. Республика бойынша жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сататын барлығы 304 базар бар. Дәл осы кезде ет союдан алынатын өнімдерді: ет, сүйек, ішек-қарын, басқасын сататын 9 402 сауда объектілері мұндай бақылаудан тыс қалған.

    Сарапшылар әлеужелі, WhatsApp болсын, бақылаусыз сатылатын еттің көлемі алапат деп отыр. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Е-Аграрлық» (Е-Agriculture) агроөнеркәсіп кешенінің салаларының Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің («БАБЖ» АЖ, ол ветеринариялық құжаттарды беруге арналған) мәліметі бойынша 2023 жылы елде жалпы көлемі 1,8 миллион тонна етке ветеринарлық құжаттар алынған.

    Ал, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылы республика бойынша мал сою нәтижесінде 4,1 миллион тонна ет алынды. Осылайша, елдегі еттің басым бөлігі ветеринарлардың бақылауынсыз сатылған.

    Сіз WhatsApp желісінде «жесе тіске, жемесе түске кіретін» жеңсік асты емес, жаман ауруды «сатып» алмағаныңызға сенімдісіз бе?

    ет Ет өнімдері
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Түркі тарихы мен мәдениеті қоры «TÜRKTAV» Еуропада алғашқы халықаралық іс-шарасын жүзеге асырды

    23 мая, 2025

    Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр

    20 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 266 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    23 мая, 2025

    Түркі тарихы мен мәдениеті қоры «TÜRKTAV» Еуропада алғашқы халықаралық іс-шарасын жүзеге асырды

    Турин халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы, Алаш сыйлығының иегері Арслан Койчиевтің…

    Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр

    20 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.