Жексенбі, 8 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҮш облыста су тасқынына байланысты жолдар жабылды

Үш облыста су тасқынына байланысты жолдар жабылды

 

фото. Егемен Қазақстан газеті 

Су басып қалған үш республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасаған QazNews.kz

Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымы Қандыағаш қаласы мен Ембі қаласының аралығы.

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территорияда Мариновка ауылына жақын аймақтағы учаске.

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолының» 4-7 шақырым,ы Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі аралық.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр