Жексенбі, 1 февраля, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтар"Түтін байқалған". Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды

«Түтін байқалған». Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Бүгін таңертең Air Astana әуе компаниясының Алматы–Астана бағытындағы рейсі жоспардан бұрын Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады QazNews.kz

Әуе компаниясының хабарлауынша, оқиға сағат 07:38-де болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін салон ішінен түтін байқалып, экипаж апаттық қону сигналын жариялаған.

Борт сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонған.

«Ұшақтағы барлық жолаушы мен экипаж мүшелері дін аман. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады компания өкілдері.

Қазіргі уақытта түтіннің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға бойынша тексеру басталды.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр