Сәрсенбі, 1 Сәуір, 2026
spot_img
Басты бетКүндерекTatler Kazakhstan басшылығында өзгерістер болды

Tatler Kazakhstan басшылығында өзгерістер болды

Tatler Kazakhstan компаниясы басқару құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап бас директордың міндетін атқарушы болып Аида Ашимова тағайындалды, деп хабарлайды QazNews.kz

Аида Ашимова жоба іске қосылған сәттен бастап Tatler Kazakhstan құрамында жұмыс істеп келеді. Бұған дейін ол коммерциялық директор қызметін атқарып, серіктестік пен жарнамалық стратегияны қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Жаңа лауазымда ол Марина Газизова-Яковлеваның орнын басты.

Аиданың медиа саласындағы тәжірибесі 14 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол жарнама директоры қызметінен бастап халықаралық беделді басылымдардың баспагеріне дейін өсті. Оның жұмыс тәжірибесінде Harper’s Bazaar, Esquire, Robb Report, Cosmopolitan және Men’s Health сияқты танымал брендтер бар. Сонымен қатар оның жетекшілігімен SKY&travel туристік журналы және сағат индустриясына арналған Revolution басылымы жарық көрді.

Tatler Kazakhstan Марина Газизова-Яковлеваға жобаның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметінде табыс тілейді.

Сонымен қатар компанияның Бақылау кеңесінің құрамы да жаңартылды. Оның қатарына меценат, UNICEF консультативтік кеңесінің мүшесі және VILED GROUP құрамындағы Graff зергерлік үйінің Алматыдағы бутигінің директоры Юлия Энгельман қосылды.

Қазіргі таңда Tatler Kazakhstan Бақылау кеңесінің құрамына мыналар кіреді:

  • Тимур Турлов — Freedom Holding Corp. негізін қалаушы;
  • Александр Воротилов — Kursiv Media Holding бас директоры;
  • Ольга Баскакова — Turlov Private Holding басшысы;
  • Юлия Энгельман — Kursiv Media Holding компаниясының негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры, меценат.

Жаңартылған басқарушы команда Tatler Kazakhstan-ның жергілікті нарықтағы позициясын нығайтуға, сондай-ақ халықаралық жобалар мен серіктестіктерді дамытуға назар аударады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр