Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Ұлттық ғылыми мұраны сақтау: Ғылым ордасында маңызды кездесу өтті

    13 января, 2026

    Жер тапшылығын шешу ме, әлде дәстүрді бұзу ма? Алматыда жақында ашылатын крематорий қызу талқылануда

    13 января, 2026

    Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

    13 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 13 января
    • Басты
    • Саясат

      Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

      13 января, 2026

      Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

      13 января, 2026

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Қазақстанда автолизинг бағдарламасы күткендегідей нәтиже бермеді – сарапшылар пікірі

      13 января, 2026

      Елде нан бағасы күрт көтерілді

      12 января, 2026

      18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ: ата-ана білуі тиіс жайттар

      9 января, 2026

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?
    Басты тақырып

    Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

    13 января, 20262 Views
    liter.kz, Сергей Фадеичев/ ТАСС
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстандық саясаттанушы Ғазиз Әбішев ресейлік насихатшы Владимир Соловьёвтің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады QazNews.kz

    Бұған дейін ресейлік тележүргізуші Орталық Азия мен Кавказды Ресейдің «ықпалды аумағы» ретінде атап, қажет болған жағдайда аталған өңірлерге қарсы халықаралық құқықты елемей, әскери күш қолдануға болатынын ашық түрде меңзеген еді.

    «Бұл мәлімдеме Кремльдің АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекеттеріне жанама реакциясы ма, әлде Орталық Азия мен Кавказ елдеріне бағытталған ескерту ме, не болмаса Соловьёвтің жеке саяси демаршы ма — айту қиын. Мұның бәрі қатар келген болуы да мүмкін», — деді Ғазиз Әбішев.

    Оның пікірінше, мұндай себепсіз әрі жария сипаттағы мәлімдемелер одақтас елдерге қатысты мемлекетаралық қарым-қатынас әдебінің бұзылуы ретінде бағалануы тиіс.

    «Бір нәрсені нақты ажырата білу керек. Өз еліңнің геосаяси мүдделерін ашық айту — қалыпты жағдай. Ал көрші мемлекеттермен ықтимал әскери қақтығысқа қоғамды алдын ала дайындау мүлде басқа мәселе», — деп атап өтті саясаттанушы.

    Сондай-ақ Әбішев өшпенділікке негізделген мұндай риториканың нақты салдары бар екенін ескертті. Оның сөзінше, дәл осындай мәлімдемелерден кейін Қазақстан секілді елдердің көпвекторлы саясат ұстанып, Қытай, Түркия және өзге мемлекеттермен, оның ішінде әскери ынтымақтастықты дамытуы кейбір ортада теріс қабылдана бастайды.

    «Содан соң «олар бізге қарсы бірдеңе ойластырып жатыр ма, неге басқа елдермен жақындасады, неге қару алады, неге бірлескен жаттығулар өткізеді» деген орынсыз күдік туындайды. Ал мұндай көзқарастың қайдан шыққанына мән берілмей жатады», — деді ол.

    Совольевтің мәлімдемесі

    Еске салайық, бұған дейін ресейлік насихатшы Владимир Соловьёв Мәскеу «арнайы әскери операцияны» тек Украинада емес, посткеңестік кеңістіктегі өзге елдерде де бастауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

    Оның айтуынша, Ресей үшін ең қауіпті аймақтар — Армения мен Орталық Азия мемлекеттері. Соловьёв бұл бағыттар ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан Сирия немесе Венесуэладағы жағдайдан әлдеқайда маңызды екенін айтты.

    «Армениядан айырылу — аса үлкен мәселе. Азиядағы, нақтырақ айтқанда өздері Орталық Азия деп атайтын өңірдегі түйткілдер — біз үшін ауқымды қатер. Сондықтан мақсаттарымыз бен міндеттерімізді ашық әрі нақты айқындау қажет. “Ойын аяқталды” деп тура айту керек. Халықаралық құқық пен халықаралық тәртіпке сүйенудің қажеті жоқ. Егер ұлттық қауіпсіздігіміз үшін Украинада арнайы әскери операция бастауға мәжбүр болсақ, дәл осы уәжбен өзіміз ықпал аймағы деп санайтын басқа өңірлерде де осындай қадамға баруға не кедергі?», — деген еді ол.

    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Ұлттық ғылыми мұраны сақтау: Ғылым ордасында маңызды кездесу өтті

    13 января, 2026

    Жер тапшылығын шешу ме, әлде дәстүрді бұзу ма? Алматыда жақында ашылатын крематорий қызу талқылануда

    13 января, 2026

    Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

    13 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    13 января, 2026

    Ұлттық ғылыми мұраны сақтау: Ғылым ордасында маңызды кездесу өтті

    2026 жылғы 12 қаңтарда Ғылым ордасында BR28712621 «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру…

    Жер тапшылығын шешу ме, әлде дәстүрді бұзу ма? Алматыда жақында ашылатын крематорий қызу талқылануда

    13 января, 2026

    Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

    13 января, 2026

    Қазақстанда автолизинг бағдарламасы күткендегідей нәтиже бермеді – сарапшылар пікірі

    13 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.