Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeБасты тақырыпСІМ Айгүл Сайлыбаеваның Германияда өлі табылғанын растады

СІМ Айгүл Сайлыбаеваның Германияда өлі табылғанын растады

 Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалды делінген отандасымыз Айгүл Сайлыбаеваның өлі табылғанын растады, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған QazNews.kz ақпарат агенттігі.

«Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды», — деп жазылған ресми мәліметте.

Ведомствоның дерегі бойынша, марқұмның Германияда жүрген анасы мен ағасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

«ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», — делінген СІМ таратқан ақпаратта.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments