Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен шығарылды, деп жазады QazNews.kz
Медициналық мекеменің мәліметінше, науқас 2026 жылғы қаңтарда емдеу курсынан аяқтап, стационардан амбулаториялық бақылауға жіберілген.
«Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігер құпиясына жатады және жариялауға болмайды», – деп мәлімдеді госпиталь өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та түрлі ақпарат тарап, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл жағдайңа пікір білдіріп, Сара Назарбаева аман екенін мәлімдеді.


