Дүйсенбі, 16 марта, 2026
spot_img
Басты бетQAZNEWS TV«Референдум – 2026» онлайн марафоны қорытындыланып, exit-poll нәтижелері жарияланды

«Референдум – 2026» онлайн марафоны қорытындыланып, exit-poll нәтижелері жарияланды

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум аясында Қазақстан телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Референдум – 2026» онлайн марафоны өз мәресіне жетті. Ауқымды медиа шара барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, жастар белсенділігі, инновация, креативті индустрия және әлеуметтік тақырыптар кеңінен талқыланды, деп жазады QazNews.kz

Марафон аясында бес негізгі алаң жұмыс істеді. Басты сахнада қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысқан негізгі пікірталастар өтті. Ток-шоу алаңында білім беру, цифрландыру, жасанды интеллект, креативті индустрия және жастар мәдениеті мәселелері қаралды. Ал инновация алаңында отандық стартаптар, робот техникасы және жасанды интеллект жобалары таныстырылды.

Іс-шара барысында АҚШ, Ресей, Бельгия, Қытай және Түркия елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылып, сарапшылар референдум барысына қатысты пікір білдірді.

Онлайн марафонға екі мыңнан астам адам қатысып, еліміздің барлық өңірлері тікелей эфир арқылы тамашалады. Мәліметке сәйкес, жаңа Конституцияны қолдап 10 миллионнан астам азамат дауыс берген.

Марафон барысында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы сайлау учаскелерінен келіп түскен ресми ақпараттарды жариялап отырды. Ал референдум аяқталған соң, онлайн марафон алаңында алғашқы exit-poll нәтижелері жарияланды.

«Референдум – 2026» онлайн марафоны қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға, азаматтық пікір алмасуға және инновациялық жобаларды таныстыруға арналған ірі ақпараттық алаң болды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр