Сейсенбі, 27 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпӨткір иіс қайта оралды: Атырауда экологиялық жағдай ушықты

Өткір иіс қайта оралды: Атырауда экологиялық жағдай ушықты

Атырау халқы қолқаны қабатын өткір иістен тұншығып отырғанын айтты,  деп жазады QazNews.kz «КТК» телеарнасына сілтеп.

Экологтар күкіртсутегінің мөлшері қауіпті деңгейге жеткенін анықтапты.

«Экология департаменті халық көп шағымданған аймақтардан сынама алып, ауа сапасы ластанғанын анықтады. Күкіртсутегі Тасқала ауылы маңында 17 есеге, Тасқала ауылына іргелес аумақта 15 есеге, Химиктер ауылында 36,3 есеге шектен асқан. Қазір зерттеу құжаттары дайындалып жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытына бақылау жүргізіледі», — деді Атырау облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есенов.

Демалыста Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы тұрғындар өткір иістен есік-терезесін ашпай, далаға шыға алмай қалған. Тіпті қарт кісілер «денсаулығымыз сыр берді» деп шағымданған.

Экологтар күкіртсутегінің мөлшері көп дегенімен, мұнай өңдеу зауытының өкілдері мұнымен келіспей отыр.

«Атырау аумағында зауыттан басқа да ластаушы көздер бар. Нақты қайдан болғанын құзырлы органдар айтады», — деді АМӨЗ Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері Мөлдір Борашова.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр