Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың уақытын алатын БЖБ, яғни бөлім бойынша жиынтық бағалау мен ТЖБ деп аталатын тоқсан жиынтығын бағалаудың сағатын азайтуды қарастыртынын жеткізді, деп жазады QazNews.kz «КТК» телеарнасына сілтеп.
Себебі кейбір мектептер жүктеме көптігінен сенбіде де оқушыларды жинап алып, осы тапсырманы орындатады екен.
Министрлік басшысы жекеменшік мектептер бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, алдағы оқу жылында үш шартқа сай келген оқу ордалары ғана қалады: білім сапасы, бала қауіпсіздігі, мұғалімнің біліктілігі.


